Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист Михаил Козачковқа сот үкімі шықты

Опубликовано:

Михаил Козачков
Михаил Козачков. Фото: Facebook / Михаил Козачков

Алматы гарнизонының әскери соты журналист Михаил Козачковтың ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Козачковтың адвокаты Елена Жигалёнок хабарлады, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Адвокаттың айтуынша, Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Михаил Козачков кінәлі деп танылып, шартты түрде 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Ол Қылмыстық кодекстің 147, 274-баптары бойынша сотталды. Журналистік зерттеуді дайындаудағы кәсіби қателіктері үшін сотталды деуге болады. Бірақ мен Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел-тергеу тобы Елдос Қоспаев деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың рейдерлік әрекетіне Козачковтың еш қатысы жоқ екенін анықтағанын атап өткім келеді. Михаилге қатысты 249 және 262-баптар бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды", - дейді Елена Жигалёнок.

Естеріңізге сала кетейік, журналист Михаил Козачков былтыр желтоқсан айында Алматы және Алматы облысының аумағында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған болатын.

Кейін оның ұсталуына байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Қадағалау органы журналиске қатысты тергеудің бақылауға алынғанын хабарлады.

20 желтоқсанда Козачков екі айға қамауға алынған еді. 30 қаңтарда оның қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылып, ақпан айында оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол үйқамаққа ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014247-zurnalist-mixailu-kozackovqa-sot-ukimi-syqty/

pixel