jitsu gif
Бос уақыт

    Ораза кезінде пітір садақаны кімдерге берген дұрыс

    Теңге
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қасиетті Рамазан айында берілетін пітір садақаны кімдерге берген дұрыс? Бұл сауалдың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты muslim.kz сайтында жарияланды.

    "Пітір садақаны Құранда айтылған жағдайы жоқ жандарға, ештеңесі жоқ міскінге, зекет жинауға тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, қаржылары бітіп, жолда қалған жолаушыларға беріледі. Әке-шешесіне, ата-әжесіне, әйеліне, өзінің ұл-қыздарына, олардан туған немерелеріне садақа беру дұрыс емес.

    Бірақ пітір садақаны алдымен өз туыстарына, ағайындарына, көршілеріне бергені абзал. Одан артылып жатса немесе беретін жері болмаса, мешітке апарып берсе де болады. Бұл үрдіс бізде бұрыннан қалыптасқан. Мешіт оны мұқтаж жандарға үлестіреді және дін жолында пайдаланады", - делінген жауапта.

    Еске сала кетейік, биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді.

    Свежая публикация по теме:
    Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек

    Рамазан айы 23 наурызда басталды. Ал сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні - Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі басталады.

    Ораза кезінде пітір садақаны кімдерге берген дұрыс

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.