Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз айының соңғы күндері елімізде күн суытуы мүмкін

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 30, 31 наурыз, 1 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің көп бөлігінда ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жаууы мүмкін.

31 наурыз, 1 сәуір күндері батыста қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Шығыста және оңтүстікте 30-31 наурызда, еліміздің оңтүстік - шығысында 30 наурыз-1 сәуірде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түсуі ықтимал.

31 наурыздан бастап Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, республиканың көп бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп болжануда.

Сонымен қатар батыста ауа температурасы түнде +2...+7 градус жылы, күндіз +7...+15 градусқа дейін жылынады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста және еліміздің орталығында температура фоны түнде -7...-13 градус, күндіз -2 градус +3 градус арасында құбылады.

Шығыста түнде -10...-22 градусқа дейін аяз болса, күндіз -5 градустан +3 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде түнде 0...+5 градус, күндіз сынап бағанасы +3...+13 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014617-nauryzdyn-sony-men-sauir-aiynyn-basynda-elimizde-kun-raiy-qandai-bolady/