Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бесіктегі балалар бар: Ақтөбедегі бірнеше саяжайды су басып, тұрғындар құтқарылып жатыр (фото)

Опубликовано:

Су басқан аймақтан тұрғындар көшірілуде
Ақтөбедегі бірнеше саяжайды су басты. Фото: Облыстық ТЖД

Ақтөбеде Қарғалы өзені көтерілді. Бау-бақша аумағындағы тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан бірнеше саяжай аумағын су басты. Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы секілді жиырмадан аса бау-бақша ұжымдарында құтқарушылар жүр. Облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, 116 адам эвакуацияланды. Оның 44-і бала. Суда қалған тұрғындар арнайы қайықпен шығарылды. Арасында бесіктегі балалар да бар.

"30 наурыз күні сағат 8:00-ден бастап өзен деңгейінің көтерілуі байқалды. Қазіргі күні 25 бау-бақша аумағы суда қалды. Гидрогеолог аумағын да су басу қаупі бар. Жұмыс жүріп жатыр”,- деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Балалар бесігімен бірге қайыққа отырғызылуда
Ақтөбедегі бірнеше саяжайды су басты. Фото: Облыстық ТЖД

Ақтөбе қаласының әкімі де бөгет қою жұмыстарының басында жүр.

“Биыл өңірде екі есе көп қар жауды. Жаңа Қарғалы өзені толып, су тасып жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірілуде. Жедел шаралар қабылданып, қапшыққа салынған құмдармен үйлерге су жібермеуге күш салынуда”,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков.

Құтқарушылар тасқын суда қалғандарды қауіпсіз аумаққа көшіріп жатыр. Тұрғындарды мектептер мен интернаттарға орналастыру жұмыстары жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014788-besiktegi-balalar-bar-aqtobe-qalasyn-su-basyp-turgyndar-qutqarylyp-zatyr-foto/

pixel