Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға теңіз жолымен есірткі жеткізді деген күдікпен халықаралық контрабанда ұсталды (видео)

Опубликовано:

Шетелдік есірткі контрабандасы
Шетелдік есірткі контрабандасы. Фото: gov.kz/memleket/entities/knb/press

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін жойды, деп хабарлайды ҰҚК ресми сайтында.

ҰҚК ақпаратынша, жедел тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.

"Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланғаны туралы айта кету керек", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар 26 наурызда ҰҚК мен "А" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.

"Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жолымен жүзеге асырылды.

Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 келіден астам апиын және 10 қаптама "метадон" психотроптық заты табылды", - дейді комитет өкілдері.

ҰҚК аталған іс бойынша материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізіліп жатқанын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014833-qazaqstanga-teniz-zolymen-esirtki-zetkizdi-degen-kudikpen-xalyqaralyq-kontrabanda-ustaldy/

pixel