Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді алтын және күміс алқамен марапатталған аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады

Опубликовано:

Алтын және күміс алқалар
Алтын және күміс алқалар. Фото: Еңбек және халықты әуелметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы бұдан былай автоматты түрде тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша министрлік проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастаған.

Бұрын аталған жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ және Еңбек министрлігінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысуы қажет болатын әрі нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын.

Ендігі жерде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарып отыр.

"Егер де көп балалы ана "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.

Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырады", - дейді министрлік өкілдері.

Еңбекмині осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде енгізуді көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014921-elimizde-endi-altyn-zane-kumis-alqamen-marapattalgan-analarga-zardemaqy-avtomatty-turde-tagaiyndalady/

pixel