Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам терісінен жасалған жұмбақ кітап жайлы не білеміз

Опубликовано:

Адам терісінен жасалған қолжазба
Адам терісінен жасалған кітап. Фото: Anadolu агенттігі

Адам терісінен қапталған көне латын қолжазбасы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Қолжазба Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы сирек басылымдар мұражайында қойылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Көне латын тіліндегі 330 беттен тұратын кітап 1532 жылы жазылған деген болжам бар, бірақ бүгінде оның тек 10 беті ғана шифрланған.

Ұлттық академиялық кітапхананың Ғылым бөлімінің сарапшысы Мөлдір Төлепбай Anadolu басылымына берген сұхбатында қолжазбаны 2014 жылы жеке коллекционерлердің бірі кітапхана қорына сыйға тартқанын, содан бері мұражайда сақтаулы тұрғанын айтты.

Оның айтуынша, кітапты түптеу әдісі көптеген ғасырлар бұрын кең таралған және қазір қолданылмайды.

"Бұл экспонатты тамашалауға келушілер көп болды. Кітаптың мұқабасы антроподермиялық түптеу деген атаумен белгілі әдіс, яғни адам терісінен кітап түптеу әдісімен жасалған", – деді Төлепбай.

Көрме
Адам терісінен жасалған кітап. Фото: Anadolu агенттігі

Маман қолжазбаның мұқабасы еліміздің ғылыми зертханаларында сараптамадан өткенін атап өтті.

"Зерттеу Астанадағы Ұлттық медицина ғылымдары орталығының зертханасында жүргізілді. Қолжазбаның мұқабасы үшін адамның арқа терісі пайдаланылған деген қорытынды жасалды", – деп атап өтті сарапшы.

Оның айтуынша, қолжазбаның мазмұны әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.

"Петрус Пуардус есімді солтүстік итальяндық нотариусқа тиесілі қолжазба 1532 жылы ежелгі латын тілінде жазылған. Жалпы кітап 330 беттен тұрады, бірақ қазір мамандар алғашқы 10 бетін ғана оқи алды", – деді Төлепбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015074-adam-terisinen-zasalgan-zumbaq-kitap-zaily-ne-bilemiz/

pixel