jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында жұмыста мас күйінде жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды

Жұмыс орнындағы орындықта ілінген костюм
Павлодар облысында ауыл әкімі жұмысқа мас болып келген. Көрнекі сурет: astanatv.kz

Павлодар облысында жұмыста мас болған ауыл әкімі 3 сәуірден бастап жұмыстан босатылды. Мұндай шешім Мемлекеттік қызмет істері әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікті тексеру барысында қабылданған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкіміне шағым түскен соң оның мас күйде жұмысқа келгені белгілі болған. Оқиғаға қатысты шешім 3 сәуір қабылданған.

"Өткен аптада болған әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев атқарған қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды" , – дейді баспасөз қызметінде.

Телеарнаның ақпартынша, шенеунік лауазымында қаңтардан бері жұмыс істеп келген.

Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғынынан түскен.

Ведомство атынан әдеп жөніндегі өкіл фактіні тексеруге барған. Медициналық сараптама қорытындысы оның ішіп алғанын көрсеткен және шенеунік өз әрекетін мойындаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікті қызметінен босатуды ұсынған болатын.

Павлодар облысында жұмыста мас күйінде жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.