Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына әсер ете ме: министр жауап берді

Опубликовано:

Еліміздің кей аймақтарында азық-түлік тауарларының бағасы 30%-ға қымбаттаған
Жұмыртқа және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысынан кейін Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жанармай бағасының өсуі салдарынан елде азық-түлік те қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр тауарлардың қымбаттау дәрежесі әртүрлі болатынын атап өтті.

"Дизельдік отын бағасының өсуі әсерінен енді жұмыртқа мен тауық етін алатын болсақ 2 пайызға, қант 5 пайызға, күнбағыс майы 2,4 пайызға қымбаттауы мүмкін. Яғни, 15-17 теңге шамасында қымбаттауы мүмкін", - деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар оның айтуынша, ірі өндірушілердің көпшілігі жанар-жағармаймен емес, газбен жұмыс істейтін жабдықты пайдаланады. Жұманғарин газ әзірге қымбаттамайтынын айтты.

"Дизельдік отын құны азық-түлік бағасына қатты әсер етеді деп ойламаймын, ең бастысы, біз көктемгі дала жұмыстарына арзан бағамен 413 мың тонна дизель отынын бөлдік", - деді ол.

Азық-түлік бағасының өсуі бола ма деген журналистердің сұрағына министр:

"Азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуін күтпеймін, болжай алмаймын" - деп қысқаша жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Энергетика министрлігінің ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанда жанар-жағармайдың шекті бөлшек бағасын көтеруді жоспарлап отырғаны белгілі болған еді.

Кейін Алматы қаласы мен тағы төрт облысында автогаз бағасының өсуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015360-zanar-zagarmai-bagasynyn-osui-azyq-tuliktin-qymbattauyna-aser-ete-me-ministr-zauap-berdi/

pixel