Атыраулық оқушы әлемнің ең үздік 5 университетінен шақырту алды
Жарияланған күні:
![Асқар Әлмұхамедов Асқар Әлмұхамедов](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/d5de3f939c7de41b.jpeg)
Атыраулық 12-сынып оқушысы әлемнің ең үздік 5 университетінен шақырту алды. Бұл туралы Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп жазады Ақ жайық басылымы.
Басылымның хабарлауынша, Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әлмұхамедов әлемнің ең үздік 50 университеті қатарына кіретін бес жоғары оқу орнынан шақырту алған.
Атап айтқанда, олар – Columbia University, Америкадағы University of California Berkeley және Georgia Institute of Technology, Кореядағы Korean Advanced Institute Science and Technology, Канададағы University of Toronto университеттері.
"Мен осыдан алты жыл бұрын NIS-ті таңдағаныма өте қуаныштымын. Өзіме осы жылдар бойы қолдау білдіріп, білім берген барша ұстазға, кураторыма, жалпы мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін", – дейді Асқар.
Дегенмен, Асқар қай оқу орнын таңдайтыны жайлы әлі нақты шешім қабылдамаған. Өйткені әлі де шақыртулар келіп жатқан көрінеді. Бірақ өзінің Columbia University-де білімін жалғастырмақ ойы бар.
Сондай-ақ Асқар бұған дейін халықаралық Apple компаниясының WWDC20 Swift Student Challenge атты байқауында жеңімпаз атанып, еліміздің IT компанияларында қызмет етіп те үлгерген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015443-atyraulyq-oqusy-alemnin-en-uzdik-5-universitetinen-saqyrtu-aldy/