Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында ауыз бекіткен адам қандай іспен айналысқаны жөн

Опубликовано:

намаз147
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Рамазан айында ораза ұстаған адам қандай іспен айналысқаны дұрыс? Бұл сауалдың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты muslim.kz сайтында жарияланды.

"Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Мұсылман адам бұл ғибадатты күллі денесімен орындаған абзал. Яғни, тілімен өсек айтпау, қолымен біреуге зиян тигізбеу, көзімен бөгде әйелге сұқтанып қарамау т.б.

Сондай-ақ құлшылыққа ден қойып, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау және Құран оқу сынды ізгі амалдарды орындағаны абзал", - делінген жауапта.

Еске сала кетсек, бұған дейін ораза кезінде берілетін пітір садақаны кімдергені берген дұрыс деген сауалдың жауабын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015449-ramazan-aiynda-auyz-bekitkenadam-qandai-ispen-ainalysqany-zon/

pixel