Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пітір садақа берудің маңызы қандай, не себепті оны айт намазына дейін беру қажет

Опубликовано:

Ер адам ақша ұстап отыр
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қасиетті Рамазан айында берілетін пітір садақаның маңызы қандай? Не себепті оны айт намазына дейін беру қажет? Бұл сұраққа Павлодар облысы орталық мешітінің ресми порталы жауап берді.

Порталдың жазуынша, пітір садақа – Рамазан айында ұсталған оразаның қабыл болуына, өлімнің қиыншылығы мен және қабір азабынан құтылуға себеп.

Сондай-ақ жоқ-жітіктің мұқтажын өтеуге, мерекелік қуанышты олардың да сезінуіне көмекші. Пітір садақасы діни әрі адами міндет.

Басылымның мәліметінше, дін мамандары Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) "Рамазан оразасы көк пен жер арасында тұрады да тек пітір садақасымен Алла тағалаға көтеріледі" деген сөзін келтірген.

Сонымен қатар Мұхаммед пайғамбар (с.a.у.) "Aлла тағала пітір садақаны oраза ұстаушыны бос, пайдасыз әрі сүйкімсіз сөздерден тазартып, кедейлерді тойдыру үшін уәжіп қылды" деп айтқан.

"Рамазанда пітір садақа намаздағы сәһу сәждесі сияқты. Сәһу сәждесі намаздағы кемшілікті толықтыратыны секілді пітір садақа оразаның кем-кетігін толтырады", – дейді хадис және фиқһ ғұламасы Уәки ибн Жәррах (раһ.).

Дін мамандарының айтуынша, Айт мейрамының бірінші күні таң намазының уақыты кіргеннен бастап пітір садақа беру уәжіп болып саналды. Бірақ кедейлер мұнымен айт намазынан бұрын кем-кетігін толықтырсын деп ертерек берсе болады.

"Oсман ибн Аффан (р.a.) Рамазанда пітір садақаны айт намазынан бұрын беруді ұмытып, кейін береді. Кәффараты ретінде бір құлды азат етеді. Кейін пайғамбарымыздың (с.a.у.) құзырына келіп, "Уа, Расулуллаһ! Пітір садақаны айт намазынан кейін бердім. Сол себепті кәффараты ретінде бір құлды азат еттім" дейді.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) оған: "Уа, Oсман! Жүз құл азат етсең де, пітір садақаны айт намазына дейін берген сауапқа қол жеткізе алмайсың" деп жауап берген", – деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015481-orazanyn-kem-ketigin-toltyrady-pitir-sadaqa-berudin-manyzy-qandai/

pixel