Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ата-аналардың шағымынан кейін балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды

Опубликовано:

балабақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда наурыз айының ортасында балабақшалардың бірінде балалар шәйға нан батырып тамақтанып отырғанын видеоға түсірген ата-аналар шағымданған еді. Осы мәселе бойынша әкімдік жүргізген тексерістен кейін балабақшадағы бірнеше адамды жұмыстан шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наурыз айының ортасында ата-аналардың бірі мемлекеттік балабақшада балалардың қара шайға нан батырып тамақтанып отырғанын видеоға түсірген. Оған қатысты Алматы әкімдігі тексеріс жүргіземіз деп уәде берген еді.

Әкімдіктің хабарлауынша, мұндай жағдай шынымен де орын алған. Жүргізілген мониторинг барысында бұзушылықтар анықталып, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілік танытпағаны үшін балабақша меңгерушісі, медбике және әдіскер қызметінен босатылған.

Сонымен қатар балабақшадағы топ тәрбиешісіне, қоймашы мен аспазға тәртіптік жаза қолданылды.

"Аудандағы және қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына бақылаудың нашарлығы үшін Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен Алматы қалалық Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысына тәртіптік жаза қолданылды", - деді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015614-almatyda-ata-analardyn-sagymynan-keiin-balabaqsa-qyzmetkerleri-zumystan-bosatyldy/

pixel