jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Шай мен нан": ата-аналар Алматыдағы балабақшаның тамағына шағымданды

Балабақшада шайға нан батырып жеп отырған бала
Балабақшада шайға нан батырып жеп отырған бала. Видеодан кадр: Т.me/egovpress

Алматыда қала тұрғындары мектепке дейінгі мекемедегі балаларының тамағына шағымданды. Желіде бүлдіршіндердің шайға малып, нан жеп отырғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Egov.Press Telegram-арнасында пайда болған бейнежазбада ер адам "Неге олар балаларына мұндайды бермейді?" деп сұрақ қойған. Ал балалар болса нанның кішкене бөлігін қара шайға батырып, жеп отыр. Ер адам балабақшаның мемлекет меншігінде екенін атап өткен.

Алматы әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Әңгіме №164 балабақша-бөбекжай туралы болып отырғанын атап өтті.

"Аталған оқиға бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін мониторингтік топ құрылды. Мониторинг комиссиясы өз жұмысын 20 наурызға дейін аяқтауы керек. Қазір Алматы қалалық білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті", – деді әкімдіктегілер.

Мамандар тексеріс нәтижесі туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.

"Шай мен нан": ата-аналар Алматыдағы балабақшаның тамағына шағымданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.