Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқазанды тексеру үшін шланг жұту оразаны бұза ма

Жарияланған күні:

ішін ұстаған ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Асқазанды тексеру үшін ФГДС-тен өту яғни шланг жұту оразаны бұза ма? Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы muftyat.kz ресми сайтында жауап берді.

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, жалпы алғанда шланг жұту оразаны бұзбайды.

"Өйткені, оразаны бұзу үшін шланг толығымен ішке кіруі тиіс. Ал бұл жағдайда шлангтың бір бөлігі сыртта қалады. Дегенмен, шланг арқылы асқазанға бір нәрсе түссе оразаны бұзады", - дейді дін мамандары.

Бұл ретте, ҚМДБ өкілдері имам Ибн Абидиннің айтқан сөзін мысалға келтірді. Ибн Абидин: "Егер адам ағаш немесе ұшына тамақ байланған жіп жұтса, оның бір ұшы сыртта қалып және заттан іште бір бөлігі қалмаса ораза бұзылмайды. Себебі ораза бұзылуының шарты – іште қалу", – деген.

"Осыған орай шлангқа дәрі жағып, жұтқызатын болса, дәрінің кейбір бөліктері іште қалса, оразасы бұзылып, бір күн қазасын өтейді", - дейді ҚМДБ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015627-asqazandy-tekseru-usin-slang-zutu-orazany-buza-ma/