jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін

Қолшатыр ұстаған адамдар
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін Алматыда жаңбыр жауып, Шымкентте күн күркірейді болжап отыр. Ал елордада күн ашық болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктер болжамы бойынша Алматыда бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде, бірақ ашық ауа райы да болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +17...+19 градус жылы болса, түнде +5...+7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с деңгейінде, ал екпіні 13 м/с болуы мүмкін.

Бейсенбі астаналықтарды жылы әрі шуақты күн күтуде, ауа райы аздап бұлтты болуы ықтимал. Елордада термометрлер күндіз +18...+20 градус, ал түнде +3...+5 градусты көрсетеді. Бүгін желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Метеорологтар 6 сәуірде Шымкентте ауа райы жауын-шашынды болып, найзағай ойнайды деп болжады. Еліміздің үшінші мегаполисінде күндіз ауа температурасы +15...+17 градус, түнде +8...+10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, бірақ кейде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Айта кетейік, синоптиктер 6 сәуірде еліміздің бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялаған еді. Кей аймақтарда тұман, жел, бұршақ болатыны ескертілді.

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.