jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тұман, жел, бұршақ, үсік: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Үсік
Үсік шалған гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 6 сәуірде еліміздің бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 6 сәуірде Ақтөбе облысының солтүстігінде, кей уақыттарда Ақтөбе қаласында тұман күтіледі.

6 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 4 градус үсік, сондай-ақ Талдықорған қаласында түнде 2-4 градус аралығында үсік сақталады.

6 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында, сонымен қатар Қызылорда қаласында найзағай күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, 6 сәуірде түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Ал желдің жылдамдығы облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

6 сәуірде Шымкент және Түркістан қалаларында кей уақытта найзағай күтіледі. Екі қалада да желдің екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

6 сәуірде күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және Тараз қаласында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.