Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында пітір садақа берудің үш артықшылығын білесіз бе

Жарияланған күні:

Тиындар
Тиындар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Рамазан айында берілетін пітір садақасының негізгі пайдасы және садақаны беру кімге міндеттелген. Бұл туралы Islam.kz порталында жарияланды.

Басылым мәліметінше, араб тілінен аударғанда "фитр" сөзінің тілдік мағынасы "жаратылыс", "оразада ауыз ашу" дегенді білдіреді екен.

"Әлдекім тазарса, (пітір садақасын берсе, мақсат-мұратына жетеді", - делінген Құран аятында.

Пітір садақа берудің пайдасы:

1. Қате-кемшіліктерді толықтырады. Ораза айында тілімен, ойымен, көзімен істеген қате-кемшіліктерді өшіреді.

"Пітір садақа - сәһу сәждесі сияқты намаздың жаңылысқан жерін толықтыратын болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерін толықтырған болып саналады", - деген Уақиғ ибн Жаррах.

2. Оразаның қабыл болуына септігін тигізеді. "Адамның оразасы жер мен көктің арасында асулы тұр. Пітір садақа бергеннен кейін ол орнына жетеді", - делінген хадисте. Демек пітір садақасы оразаның қабыл болуына үлкен себеп болады.

3. Кедейлерді қуантады. Айт күні жағдайы бар байлар ғана қуанбай, кедей, мұқтаж адамдар да қажеттерін алып, қуанышқа бөленеді. "Осындай күнде кембағалдарды садақа сұрауға мұқтаж етпеңдер", - деген Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар.

Пітір садақа - жан мен тәннің зекеті. Сондықтан пітір садақасы сәбиге де, ауыз бекіткен жанға да, ораза ұстамаған адамға да міндеттелген.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда пітір садақаның мөлшері 535 теңге болып белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015697-ramazan-aiynda-pitir-sadaqa-berudin-paidasy-qandai/