Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында құдай тамақты қай кезде берген жөн

Опубликовано:

Ауызашар дастарханы
Ауызашар дастарханы. Көрнекі сурет: azan.kz

Рамазан айында құрбан шалып, құран оқытып, ас беруге бола ма деген оқырман сұрағына дінтанушы Абдусамат Қасым жауап берді. Бұл туралы Islam.kz порталында жарияланды.

Дінтанушы Абдусамат Қасымның сөзінше, ораза айында құдай тамақты ауызашар уақытында берген абзал.

"Біріншіден, марқұмдарға құран оқытқан боласыз, екіншіден, ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Ораза айында күндіз көпшілікті жиып, құдай тамақ берген ыңғайсыз. Рамазан айына құрметсіздік саналады. Біз - мұсылман елміз", - дейді дінтанушы Абдусамат Қасым.

Дінтанушының сөзінше, бүгінгі күні ауыз бекітіп, ораза ұстаушылардың қатары көп, құдай тамақ берген кісі ауылдастарын есепке алмауы жөн емес. Сонымен қатар ол құдай тамақты ауызашар уақытында берген біріншіден екі есе сауап, екіншіден тиімді екенін атап өтті.

"Құранды кешкісін де оқып, бағыштай беруге болады. Оның еш ағаттығы жоқ. Малды күн жарықта сойып қамдану керек",- деп жауап берген дінтанушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015948-ramazan-aiynda-qudai-tamaqty-qai-kezde-bergen-zon/

pixel