Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жыл бойы күттім": Қызылордада сәби аңсаған әйел бірден үшемді дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

Үшемді дүниеге әкелген ана
Үшемді дүниеге әкелген ана. Фото: kzvesti.kz

Қызылордада "Аңсаған Сәби" бағдарламасына жүгінген келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kzvesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Нәрестелер мен анасы 10 сәуірде облыстық перинаталдық орталықтан Алматыға жеткізілді, сәбилерге ринопатия диагнозы қойылған.

Үшемді дүниеге әкелген ана
Үшемді дүниеге әкелген ана. Фото: kzvesti.kz

Қыз балаларға Айлин, Аделя және Анель есімі берілді. Нәрестелер 2023 жылдың 28 ақпанында мерзімінен бұрын дүниеге келген.

Үшемді дүниеге әкелген ана
Үшемді дүниеге әкелген ана. Фото: kzvesti.kz

"Сәл толқып тұрмын. Уайымдағаным сонша, аузыма сөз түспей отыр. Барша перзентхана ұжымына алғысымды білдіргім келеді, дәрігерлер жарады! Мен "Аңсаған Сәби" мемлекеттік бағдарламасының арқасында ана бақытын сезіндім, ол үшін мемлекет басшысына алғысым шексіз. Бес жыл бойы бала көтере алмай жүрдім, квотаның арқасында қазір бірден үш балам бар! Алғаш УЗИ-де егіздер болатынын білгенімізде қатты қуандық, сосын үшеу болатынын білдік! Аллаға шүкір!", - дейді 31 жастағы Әйгерім Әлімханова.

Қазір сәбилердің жағдайы қалыпты. Туылған кезде сәбилердің салмағы сәл бір келіден асқан, ал бойы 38-39 сантиметр болатын. Әйгерім Байқоңырда кесарь тілігі арқылы босанған, ота оңай өткен жоқ. Сол күні келіншек нәрестелерімен бірге медициналық авиацияның көмегімен Қызылорда облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді.

"Биыл облыста 274 квота бөлінді. Жыл басынан бері 161 әйел жүкті болып, оның 42-сі аман-есен босанған. 72 қызылордалық әйелдің жүктілігі түсікпен аяқталса, 45 әйел жүктілігіне байланысты тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұр, олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. ЭКҰ-ға жүгінген 98 әйел оң нәтижеге қол жеткізе алмады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Майя Мирзанова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында үшем дүниеге келгені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016006-bes-zyl-boiy-kuttim-qyzylordada-sabi-ansagan-aiel-birden-usemdi-duniege-akeldi-foto/

pixel