Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза ұстаған адам ауызашар мен сәресіде дәретті болуы шарт па: Нұрлан имам жауап берді

Опубликовано:

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Халыққа әлеуметтік желілер арқылы кеңінен танылған Нұрлан имам Instagram парақшасында ауызашарда және ауыз бекітерде дәретті болу шарт па деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ауыз бекітетін адам ауыз ашатын кезде дәретті болуы шарт деген ел ішінде сөз бар. Сол үшін кейбір адамдар намаз оқымаса да, ораза ұстағаннан кейін ауыз ашар уақытында және ауыз бекітер уақытта дәрет алып қана ауыз ашып жүргендер бар. Ондай бұйрық жоқ. Дәретіңіз бар болса да, дәретіңіз жоқ болса да, ауызды бекітіп, аша бересіз.

Дұға оқитын кезде елдің бәрі тұрып, яки отырып немесе құбылаға бұрылуды әдетке айналдырып бара жатыр. Қалай ыңғайлы, солай жасай бересіз. Яғни, міндетті түрде су ішетін кезде тұрып жасау қажеті жоқ.

Бұған қоса айтарым, бұл Жаратқанға дұға болғандықтан, әркім өзінің ниетін айтқаны жақсы. Әркім өзінің дұғасын оқып, іштегі дұғасын айтсын. Мысалы, біреу денсаулық сұраса, енді біреу перзент сұрайды. Өйткені ауыз ашар мен ауыз бекітер уақыт дұғалардың қабыл болатын сәті болғандықтан, әр адам жеке өзі айтқаны абзал", - деді Нұрлан имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016059-oraza-ustagan-adam-auyzasar-men-sareside-daretti-boluy-sart-pa-nurlan-imam-zauap-berdi/

pixel