jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Көлік алғысы келгендер 100 мыңнан асады": Скляр жеңілдетілген автонесиелеу туралы айтты

Көліктер
Көрнекі фото: Рiqsels.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет кулуарында мемлекет автонесиелеу бағдарламасының орындалуын қадағалап жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші вице-премьер Роман Скляр бұл мәселемен "Бәйтерек" холдингі айналысатынын атап өтті.

"Иә, шынында да, қайта қаржыландыру бойынша ай сайын револьверлік негізде шамамен 400-500 автокөлік беруге болады. Ал сатып алуға тілек білдірушілер саны 100 мың адамнан асады. Сондықтан "Бәйтерек" қазір бұл қаражатты қалай пайдаланатыны туралы түрлі нұсқаларды қарастыруда", – деп қосты ол.

Соңғы рет қазақстандықтарға 6 ақпанда 4 пайызбен автонесие алуға мүмкіндік туды. Сол күні онлайн-платформа сағат 10:00-де іске қосылды.

Платформа іске қосылғаннан кейін жеңілдікті автонесиеге өтінімді тек 761 қазақстандық бере алды, содан кейін өтінімдер қабылдау тоқтатылды, өйткені лимит алғашқы 18 секундта-ақ таусылған болатын.

Кейін Қазақстанның Даму банкі платформа жұмыс істеген алғашқы минутта Autonesie.kz сайтына 125 000 адам кіргенін хабарлады.

"Көлік алғысы келгендер 100 мыңнан асады": Скляр жеңілдетілген автонесиелеу туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.