jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің мегаполистерінің бірінде 25 градусқа дейін ыстық күтіледі

Көктеп жатқан жасыл желек
Көктем. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 12 сәуірде метеорологтар Қазақстанның үш ірі қаласында да ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада жаңбыр жаумайды, алайда көшпелі бұлт шығады. Күндіз термометр +11...+13 градусты көрсетсе, түнде 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

12 сәуір Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы болғанмен, найзағай ойнау ықтималдығы сақталады. Ауа температурасы күндіз +15...+17 градусқа дейін көтерілсе, түнде +6...+8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетеді, алайда найзағай кезінде екпіні 15 м/с жетуі мүмкін.

Сәрсенбі Шымкентте күн ашық болады, күндіз ауа температурасы +23...+25 градус ыстық болады деп болжануда. Мегаполисте түнде +8…+10 градусқа дейін жылылық сезіледі. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с дейін жетуі ықтимал.

Бүгін еліміздің мегаполистерінің бірінде 25 градусқа дейін ыстық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.