Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза кезінде жарапазан айту дәстүрі қайдан шыққан: мамандар пікір білдірді

Опубликовано:

Жарапазан айтып тұрған адамдар
Жарапазан. Көрнекі сурет. : egemen.kz

Рамазан айында жарапазан жыры айтылады. Алайда, бүгінгі таңда бұл дәстүрді сирек естіп, оның не үшін айтылатыны халық арасында ұмытылып барады, деп хабарлайды "Астана" арнасында.

Телеарна мәліметінше, жарапазан - рамазан айы келгенін білдіріп, сүйінші сұрап ғана қоймай ислам дінін әуен арқылы насихаттайтын дәстүр. Бұрынғы кезде бұл әуен сәресінде айтылған. Ал, имамдар қазір барлық адам бірдей ауыз бекітпейді, сондықтан ауыз ашқан уақытта айтқан дұрыс дейді.

"Жарамазан деген сөз "Жә Рамодан" деген арабтың сөзінен келді. Рамодан деген рамазан айы келді деген мағынаны береді. Кейбір түркі халықтарынан айтылатын осы сөз. Мысалы түріктер, өзбектер жарамазан деп айтса, кейбір түркі халықтары жарапазан дейді", - "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы Ильяс Отаров.

Сонымен қатар телеарнаның ақпаратынша, жарапазанның нақты шығу тарихы жоқ. Этнографтар жарапазан ислам діні енгеннен кейін пайда болғанын алға тартады. Этнографтардың айтуынша, кейін мұндай әндерді күллі мұсылманның ұлық мерекесі - рамазан айы туған кезде орындау дәстүрге айналған.

"Жарамазан жыры - өлең күйінде айтылатын діни тілектердің қатарына жататын сондай бір салт-дәстүр. Қазақ халқы осы рамазан айын пайдаланып бір жағынан діни қағидаларды халық ортасында насихаттау үшін осындай жарапазан жырларын пайдаланғанын көреміз", - дейді тарихшы, этнограф Мақсат Алпысбес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016407-oraza-kezinde-zarapazan-aitu-dasturi-qaidan-syqqan-mamandar-pikir-bildirdi/

pixel