Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәжілістен не үшін кетуім керек": Жигули Дайрабаев алғаш рет істі болған ұлдарына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев. Фото: Facebook / Жигули Дайрабаев

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдамас бұрын ұлдарының ісіне қатысты қоғамда дау тудырған жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс отырысында сөз алған депутат Жигули Дайрабаев істі болып, басы дауға қалған ұлдарына қатысты мәлімдеме жасады. Айтуынша, балаларына тағылған айып әділетсіз.

"Алдымен сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді, балаларыма байланысты туындаған мәселелер бойынша көбіңіз депутат, әріптес ретінде қолдау білдіріп жатырсыздар. Моралдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттылық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын.

Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек. Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек", - деді Дайрабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016447-mazilisten-ne-usin-ketuim-kerek-ziguli-dairabaev-algas-ret-isti-bolgan-uldaryna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel