Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінің суы неге тартылып жатыр: Экология министрлігі түсіндірді

Опубликовано:

Каспий теңізінің тайыздануы
Каспий теңізінің тайыздануы. Скриншот: Facebook / azamat.sarsenbaev

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Ақзан Ширанов Каспий теңізінің таяздануына қатысты қазақстандықтардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақзан Ширанов Каспий теңізінің деңгейі ұзақ жыл бойы құбылып тұруы мүмкін екенін айтты.

"Соңғы 120 жылда ол Балтық жүйесі бойынша минус 25 метрден минус 29 метрге дейін өзгерген болатын. Бүгінде Каспий теңізінің деңгейі Балтық жүйесінде минус 28,6 метрді құрайды... 1978 жылы суының деңгейі көтерілген еді, ал 2006 жылдан бастап таяздана бастады", - деді спикер.

Ширановтың айтуынша, Каспий су деңгейінде белгілі бір құбылыстар байқалады, теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты кей алғышарттар көрінеді.

Каспий теңізінің картадағы көрінісі
Каспий теңізінің картадағы көрінісі. Скриншот: Google map

"Климаттың өзгеруі және Каспий теңізіндегі судың 95%-ын құрайтын Еділ, Жайық өзені бойындағы ағынның азаюы, жыл сайынғы жауын-шашынның азаюы сияқты мәселелер бар. Негізі, теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты алғышарттар бар. Бірақ жоғарыда айтқанымдай, бұл маусымдық құбылыс және ұзақ мерзімге созылуы мүмкін", - деді спикер.

Ақзан Ширанов Каспий теңізінің проблемаларын зерттейтін институт құрылып жатқанын айтты. Ол институттың қызметкерлері Каспий маңындағы өзге елдерден келген шетелдік әріптестерімен бірге бұл мәселені шешетінін мәлімдеді.

"Теңіз трансшекаралық. Теңізге орасан әсер ететін Еділ өзені, яғни біздің көршілеріміз. Бүгінде біз халықаралық платформаларда келіссөз жүргізіп, осы мәселені шешетін боламыз", - деп түйіндеді Ширанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016659-kaspii-tenizi-nege-tayazdanyp-zatyr-ekologiya-ministrligi-tusindirdi/

pixel