Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза айттың бірінші күні сәресі ішіле ме: Нұрлан имам жауап берді

Опубликовано:

Ораза
Дастархан. Көрнекі фото: Рexels.com

Белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы өзінің желідегі парақшасында айт күні сәресі ішіле ме деген сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан имамның сөзінше, Рамазан айы аяқталуға жақындаған сәтте айт күні ауыз бекітеміз бе деген сұрақты қоятындар көбейген.

"Рамазанның ең соңғы күні бізде мынадай түсінік бар. Оразаның ең соңғы күні ауыз ашқан соң айт күні айт намаздың алдында көп адам ауыз бекітіп жүрген еді. Айт күні ауыз бекітілмейді. Оразаның соңғы күні кешке ауыз ашқан соң сонымен тоқтайды.

Тек кейбір адамдардың шатасып жүргені – ертең ерте айт намазына баратын адам ораза айтта тәтті тамақ жеп бару керек. Ерте тәтті тамақ жегенін көріп, сәресі деп ойлап, сәресін ішіп жүрген ата-апаларымыз, мұсылмандар бар. Бұл қателік, ағайын.

Кешке соңғы күні ауыз ашады, сонымен тоқтайды. Айт күндері ораза ұстауға болмайды, бұл күнә болып есептеледі. Айттың бірінші күні – бұл бірінші үкім. Ары қарай біздің халқымыз үш күн тойлаған. Сондықтан кейінірек Шәууәл күндері жалғасады", – дейді Нұрлан имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016686-oraza-aittyn-birinsi-kuni-saresi-isile-me-nurlan-imam-zauap-berdi/

pixel