Қадір түнін қалай өткізіп, немен айналысқан дұрыс
Жарияланған күні:
Қасиетті Рамазан айының соңғы он түнінің біріне жасырылды делінетін Қадір түнін немен айналысып, қалай өткізген дұрыс? ҚМДБ қарасты muslim.kz сайты аталған сұраққа жауап берді.
Порталдың жазуынша, Қадір түні мың айдан да қадірлі ерекше түн. Яғни, 83 жыл 4 айды бәлкім одан да көп уақытты құрайтын қасиетті түн.
"Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Бұхариден жеткен хадисінде: "Кімде-кім Аллаға иман келтіріп, сауабын Алладан үміт ете отырып қадір түнін құлшылықпен өткізетін болса, оның өткен барлық күнәлары кешіріледі.
Ал қасиетті Құранның "Духан" сүресінің 3-аятында бұл түннің берекеге толы түн екендігі баяндалған.
Ислам ғалымдары осы аят пен хадистерге сүйене отырып, кімде-кімнің құлшылығы, дұға-тілегі мың айдан да қадірлі Қадір түніне, сол сәтке сәйкес келетін болса мың ай құлшылық жасағандай, бәлкім одан да көп сауапқа кенеледі деп тұжырымдама жасаған.
Демек, бұл түні көбірек құлшылық жасауға, Алладан біліп және білмей істеген күнәларымыз үшін тәубе етіп, кешірім сұрауға, көбірек Құран оқуға, пайғамбарымызға (с.а.с) салауаттар айтып, күн батқаннан таң атқанға дейін уақытымызды құлшылықпен өткізуге ден қоюымыз қажет", - делінген порталдың жауабында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016722-qadir-tunin-qalai-otkizip-nemen-ainalysqan-durys/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.