Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанармай әлегі: Түркістан облысында "митинг басталды" деген жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Жол полициясының көлігі
Жол полициясының көлігі. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының полиция департаменті Facebook парақшасында "өңірде жанармай бағасының қымбаттауына байланысты митинг басталды" деген желіде тараған ақпаратқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде 13 сәуірге қараған түні "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының бойында орналасқан жанар-жағармай құю бекетінің маңында азаматтар жанармай бағасының көтерілуіне байланысты митингке жиналғаны туралы ақпарат тараған.

Ақпарат желіде пайда болғаннан кейін Сайрам ауданының полиция қызметкерлері бейнежазбада айтылған орынға келіп жеткен.

"Полиция қызметкерлері митинг туралы ақпараттың жалған болып шыққанын анықтады. Шындығында 12 сәуірде жолда автожарыс ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлері аталған орынға келіп, оны тоқтатқан болатын, ал жиналғандар үйлеріне қайтарылды", - деп мәлімдеді полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары қазір желіде жалған ақпарат таратқан адамды анықтауда.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Біз азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп ескертті тәртіп сақшылары.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отынының шекті бағасы өскен болатын. Алайда елдегі жанар-жағармай құю бекеттеріндегі жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016736-turkistandagy-zanarmai-bagasynyn-qymbattauyna-bailanysty-miting-kose-zarysy-bolyp-syqty/

pixel