Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бағасы өсті

Опубликовано:

Жанармай бекетінде
Жанармай бекеті. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің шекті бағасы көтерілді. Бағаның қалай өзгергені туралы құжат энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгіннен бастап Қазақстанның Энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығындағы түзетулер қолданысқа енгізілуде.

Бірінші кезекте бұйрықтың тақырыбы өзгертілді, онда бұл шектеулер стационарлық автожанармай құю станцияларына қатысты екені көрсетілген.

"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:

  1. Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
  2. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
  3. дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге", - делінген ведомство құжатында.

Бұған дейін Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін 187 теңге, ал қалған өңірлер үшін литріне 182 теңге болатын.

Сонымен қатар құжатта қазақстандық жүргізуші куәлігін ұсынған жүргізушілер үшін жазғы және маусымаралық дизель отынының шекті бағасы литріне 295 теңгеге дейін, тәулігіне 100 литрге дейін (жүк көліктері, автобустар мен арнайы көліктер үшін 300 литр) өсетіні хабарланды. Бұрын дәл осындай шарттармен оның құны аймаққа байланысты 230-260 теңге болатын.

Сондай-ақ лимиттен асып кеткен жағдайда және басқа шарттарда жазғы және маусымаралық дизельдік отынның шекті бағасы бұрынғыдай литріне 450 теңге болатыны жазылған құжатта.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы мен тағы төрт облыста автокөлік газының бағасы өсуі мүмкін екені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016429-qazaqstanda-benzin-men-dizel-otynynyn-sekti-bagasy-osti/

pixel