Қар, көктайғақ, үсік: алдағы үш күнде елімізде күн суытады деп болжануда
Опубликовано:
"Қазгидрромет" синоптиктері алдағы үш күн, 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің солтүстігінде қар, бұрқасын және көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын, жауын-шашын түсіп, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауатынын хабарлады.
Атап айтқанда, батыста жаңбыр жауса, солтүстік аймақтарда жаңбырдың арты қарға ұласады, бұрқасын, көктайғақ және тұман болады деп болжануда.
Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендеп және қатты жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде.
Қазақстан бойынша қатты жел тұруы мүмкін, еліміздің оңтүстігінде жел екпіні 30 м/с және одан да асуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында, 16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді деп күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2016790-qar-koktaigaq-usik-aldagy-us-kunde-elimizde-kun-suytady-dep-bolzanuda/