jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Бізге қайта қыс келді": Астана көктемнің ортасында ақ ұлпа қарға оранды (фото)

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ

Елордасы – Астанада көктемнің ортасында қар жауды. Синоптиктердің болжамынша, қалада қысқы ауа райы дүйсенбіге дейін жалғасады, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

"Бізге қайта қыс келді", - дейді елорда тұрғындары.

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ

"Қазгидрометтің" ресми сайтында хабарлауынша, бүгін негізінен Астанада қар жауады деп күтілген. Одан бөлек, синоптиктер күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен еді.

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ

Метеорологтардың мәліметінше, ертең, 16 сәуірде де елордада қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Күндіз ауа температурасы -4...-6 градус аралығында болса, түнде -8... -10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, дүйсенбіде жауын-шашын тоқтауы керек.

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ

Айта кетесек, бұған дейін Астана полициясы ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған еді.

"Бізге қайта қыс келді": Астана көктемнің ортасында ақ ұлпа қарға оранды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.