jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Боран, жаңбыр, қатты жел: бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Жолда келе жатқан көлік
Қарлы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер дүйсенбі, 17 сәуірде Қазақстанның ірі қалалары - Алматы, Астана, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны +11...+13 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы плюс +2...+4 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ қатты желге (екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін) байланысты оңтүстік астанада дауылдық ескерту жарияланды.

Дүйсенбіде Астанада да дауылдық ескерту жарияланып отыр. Елордада боран, сонымен қатар екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтіледі. Күндіз ауа температурасы 0-ден +2 градусқа дейін көтерілсе, түнде -13...-15 градусқа дейін суытады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Мегаполисте күндіз +10...+12 градус жылы, түнде 2 градусқа дейін суық болады деп күтілуде. Бұдан бөлек, үшінші мегаполисте жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Боран, жаңбыр, қатты жел: бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.