Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндайды АҚШ-та бұған дейін ешкім көрмеген": Америкада қазақ жігіті қарақшыларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған (видео)

Опубликовано:

Қазақ жігітінің қарақшыларға тойтарыс берген сәті
Қазақ жігітінің қарақшыларға тойтарыс берген сәті. Видеодан кадр: instagram.com/oljas.kanybek/

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та тұратын қазақ азаматына қарақшылардың шабуыл жасағаны, қазақ жігітінің оларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алғаны жайлы видео тарады. Оқиғаның қалай болғанын кейіпкердің өзі Олжас Қаныбек Instagram парақшасында айтып берді.

Оқиға АҚШ-тың Майами қаласында болған.

Олжастың сөзінше, 3 жігіт сөмкесін тартып алып, тонамақ болған. Ол сөмкесінде құжаттары, телефондары мен ақшасы болғанын айтады. Олжас бұзақылардың бірін қуып жүріп ұстап алып, жібермей полицияны күткен. Қолға түскен жігіттің қаруын тартып алған. Сондай-ақ оның телефонын да алып алған.

Олжас бұзақылардың бірін ұстаған кезде қарақшының екі досы оны босату үшін қайта оралған. Қолдарында қару болған қарақшылар оған шабуыл жасаған. Алайда Олжас оларға қарсылық көрсетіп, қаруды тартып алған. Кейін қарақшылар оқиға орнынан қашып кеткен.

Көп ұзамай оқиға орнына полицейлер жеткен. Қарақшыларды іздеуге 6 полиция көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар ол АҚШ-та полицейлердің жақсы жұмыс істейтінін де атап өтті.

"Бетіме тапанша тақағанда қорқып кеттім. Бірақ қазақтың жігіттері осал емес. Келген полиция қызметкерлері де "не деген жүрегінің түгі бар жігітсің деп" таң қалып жатыр", - дейді ол.

Оқиға орнына психологтар мен дәрігер де келіп, Олжастың жағдайын тексерген. Сондай-ақ киімдерін ДНҚ сараптамасына тексеруге жіберген.

"Қазақ жігіті қарақшылардан тапанша пен автоматты тартып алған, өздерін ұрып-соққан, бірінің тісін сындырған. Мұндайды АҚШ-та бұған дейін ешкім көрмеген", - дейді ер жігіттің батылдығына тәнті болған полицейлердің бірі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016973-mundaidy-aqs-ta-bugan-deiin-eskim-kormegen-amerikada-qazaq-zigiti-qaraqsylarga-toitarys-berip-qarularyn-tartyp-algan-video/

pixel