jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда барлық көлікке Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі

Жолдағы көліктер
Жолдағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

19 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен барлық көліктің жүруіне рұқсат етіледі. Бірақ рұқсат жұмыс күндері белгілі бір уақыт аралығында беріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің берген мәліметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, өзгеріс 19 сәуірден бастап күшіне еніп, көлік жүргізушілері Райымбек даңғылындағы Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі аралықта сызылған автобус жолағымен жүруіне толықтай рұқсат беріледі. Бірақ оның өз талаптары бар. Яғни жұмыс күндері кешкі сағат 20:00-ден таңғы 06:30-ға дейін рұқсат етілген.

Ал демалыс және мереке күндері осы аумақта барлық автокөлікке уақыт шектеуінсіз жолда жүруге болады.

“Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі автокөлік легін тиімді құру үшін, сондай-ақ қарбалас уақытта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілетін болады", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа ережелер бойынша көлік құралдарының қозғалысындағы өзгерістер 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады.

"Көлік жүргізушілері белгіленген жол ережелерін қадағалап, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындауы керек", - делінген ведомство хабарламасында.

Кейін осы пилоттық жоба бойынша жыл соңында барлық дерек жинақталып, қаладағы көлік кептелісін реттеудің нақты шешімі қабылданбақ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.