jitsu gif

Қарағанды облысында жаңадан салынған мектеп асханасы мен спортзал ғимараты құлап қалды

Қарағанды облысында жаңадан салынған мектеп асханасы мен спортзал ғимараты құлап қалды
Фото: Астана телеарнасы

Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадыр кентінде жаңадан салынған мектеп асханасы мен спортзал ғимараты қатты желге төтеп бере алмай құлап қалды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, оқушылар үшін салынған асхана мен спорт зал әлі пайдалануға әлі берілмеген. Сондықтан ешкім зардап шекпеген.

Бұған дейін қоғам белсенділері Әлімхан Ермеков атындағы мектеп жанындағы қауіпті нысан мәселесін бірнеше рет көтерген.

Ал құрылысты салған компания жұмысты дер кезінде аяқтай алмаған, әрі сапасы сын көтермеген. Сондықтан құрылыс басқармасындағылар мердігерді сотқа беріпті. Қазір ведомство келісімшарт бұзылып, іс сотта қаралып жатқанын мәлімдеді.

"Құлаған кірпіштер бұл қаптама кірпіш дейді ғой, сырты қапталған кірпіштер. Ол енді ішкі кірпіші болмағаннан кейін желден бе, құлап кетті. Бүгінгі күні біз жылдың басында мердігермен келісімшартты бұзып, қазіргі күні жаңа мердігер анықталды. Келесі демалыстан бастап басқа құрылыс жұмыстарын бастаймыз", - деді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Мұрат Мағзин.

Қарағанды облысында жаңадан салынған мектеп асханасы мен спортзал ғимараты құлап қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.