jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы қорығын мекендейтін маралдар видеотұзаққа түсіп қалды (видео)

Видеотұзаққа түсіп қалған марал
Марал. Видеодан кадр: Instagram.com/qazfwc

Алматы мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін маралдар видеотұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми Instagram парақшасы.

Маралдар Алматы қорығының Оң Талғар, Сол Талғар, Орта Талғар, Манах, Логунова, Кіші бұлақ, Қарбастау шатқалдарында орнатылған фототұзақтарға түсіп қалған.

Сондай-ақ олар 3400 метр биіктікте, "Сақтар жазығына" қойылған фототұзақтың алдынан да өткен.

"Байқағандарыңыздай, бұл тұяқтылар күндізгіге қарағанда кешке, түнде және таңсәріде белсенді", – дейді комитет мамандары.

Мамандар жүргізген санақ бойынша Алматы қорығы аумағында 75 марал мекен ететін көрінеді.

Алматы қорығын мекендейтін маралдар видеотұзаққа түсіп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.