jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тұман, 20 градусқа дейін жылы: бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бейсенбі, 20 сәуірде Қазақстанның үш мегаполисі Астана, Алматы және Шымкентте де жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы күндіз +11...+13 градус жылы болса, түнде ауа температурасы 0...+2 градусқа дейін төмендейді. Бұл ретте азаматтарға 1 градусқа дейін суық болады деп ескертіледі. Қалада жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.

20 сәуір Астанада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндіз термометр бағаны плюс +1-+3 градусты көрсетсе, түнде елордада минус -13...-15 градусқа дейін суытады. Сонымен қатар елордада желдің жылдамдығы 2-7 м/с жетуі ықтимал.

Бүгін Астанада бұрқасын мен тұманға байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Синоптиктер бейсенбі Шымкентте күндіз ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін көтерілсе, түнде +3...+5 градусқа дейін төмендейді деп болжады. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді деп күтілуде.

Тұман, 20 градусқа дейін жылы: бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.