Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен пәтерге кезекке тұрғандар шу шығарды

Опубликовано:

пәтер
Көпқабатты тұрғын үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде "Бақытты отбасы" бағдарламасымен кезекке тұрған жүздеген отбасыға баспана былтыр берілуге тиіс болған. Бірақ белгілі себептермен кешіктіріліп, енді оларға салынған көпқабатты үй басқаларға беріліп кеткен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, "Бақытты отбасы" бағдарламасымен үй аламыз деген тұрғындар облыс әкімдігіне барған. Айтуларынша, олар үшін үш бірдей көп қабатты үй бой көтерген. Бірақ әлі қолданысқа берілмепті.

"Бізге нақты жауап берсін. Қашан конкурс ойнатылады? Неше пәтер беріледі? Қанша адам өтеді? Өтпей қалған адам не істейді",- дейді көпбалалы ана Жанар Нәрікбаева.

Телеарна ақпаратынша, бұл жаңа тұрғын үйлерге апатты жағдайда тұрған баспаналардың тұрғындары көшіп келген, яғни 48 отбасы қоныстанған. Енді жиналған халық бізге пәтер жетпей қала ма деп қорқады. Тұрғындарға сәуір, мамыр айында "үйлеріңе кіресіңдер" деп уәде берілген екен.

"Менің жеті балам бар. Үйім жоқ. Баратын жерім де жоқ. Балаларыммен пәтерге де алмайды. 2017 жылдан бері кезекте тұрмын", - дейді көпбалалы ана Гүлмира Ұзақова.

Ал қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі "Бақытты отбасы" бағдарламасымен 344 отбасы кезекте тұрғанын мәлімдеді. Олар мамыр айында тағы бір байқау өтетінін айтты.

"Бұл кісілер нақты мына үйдің, мына үйдің иесі деп айта алмаймыз. Бұл кісілерге әлі екінші этап бар. Яғни пәтер таңдау этабы бар. 344 адам өзара тең конкурсқа қатысып, өзара жарысады. Кім мысалы мүгедек баласы бар бар жанұя таласып қалса, кім еререк тұрды сол жеңімпаз болады", - дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов.

Телеарна дерегінше, сонымен қатар үйлері қирағалы тұрған тұрғындарғы қатысты арнайы сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017488-aqtobede-memlekettik-bagdarlamamen-paterge-kezekke-turgandar-su-sygardy/

pixel