"Қорғас" бекеті жұмысын қашан жалғастыратыны белгілі болды
Жарияланған күні:

"Қорғас" ШЫХО өз қызметін үш жылдан астам уақыт бұрын тоқтатқан еді. Енді 24 сәуірден бастап халықаралық орталық өз жұмысын қайта жалғастырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қорғас" ШЫХО-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Хабарламада "Қорғас" ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өткені жазылған.
Осы уақыт аралығында компания орталықта туристердің жайлы уақыт өткізуі үшін қызметті жетілдіру және барлық бизнес-процестерді жаңғырту бойынша орасан зор жұмыстар атқарғанын атап өтті.
"Қорғас" ШЫХО 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап қызметін қайта бастайтынын және қалыпты режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Қорғас" халықаралық орталығы 8 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды деп бұрын жоспарланған болатын. Алайда орталықтың жұмыс істеу уақыты белгісіз мерзімге кейінге шегерілген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017548-qorgas-beketi-zumysyn-qasan-zalgastyratyny-belgili-boldy/