jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жер сілкінісі кезінде тұрғындарға қауіпсіз жерге бағыт көрсететін тақтайшалар қойылады

Жер сілкінісі
Жер сілкінісінен пайда болған жарықшақ. Көрнек фото: pixabay.com

Алматыда жер сілкінісі кезінде қауіпсіз жерге бағыт көрсететін тақтайшалар қойылады. Бұл жайлы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Бұл мәселені тұрғындар әкіммен кездесу барысында көтерген.

Арна мәліметінше, Ерболат Досаев күзге дейін әрбір подъездің жанына бағыт-бағдар беретін тақтайша қойылатынын айтқан.

"Жергілікті бюджетті нақытау кезінде біз ақша бөлеміз. Қаладағы 25 мың подъездің жанында қайда бару керектігі жазылған және адамдар көре алатындай нақты схема болады. Мен мұны мақұлдадым. Қаражатты бөлеміз. Күзге дейін әрбір тұрғын қайда барып, қайда жиналу керектігін білетін болады деп үміттенемін", - Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Алматыда жер сілкінісі кезінде тұрғындарға қауіпсіз жерге бағыт көрсететін тақтайшалар қойылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.