Түркияда зардап шеккен қазақстандық қалай оқ жарақатын алғанын айтып берді (видео)
Жарияланған күні:
Кездейсоқ Стамбұлдағы атыстың куәсі болып, зардап шеккен 31 жастағы қазақстандық Бегалы Тәліпов қалай оқ жарақатын алғанын айтып берді. Түркияға ер адам отбасымен ұшып келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 18 сәуір күні Стамбұлдың Чекмекей ауданында болған. 31 жастағы ер адам Қазақстан консулдығына қоңырау шалып, жараланғанын хабарлаған.
Бегалы Тәліповтің сөзінше, оқыс оқиға ол отбасыммен серуендеп, үйге қайтып бара жатқанда болан.
"Кенет атыс болып жатқан дауыс естілді. Оқ менің қолымнан өтіп, ішіме тиді. Мені қызым емделіп жатқан ауруханаға жеткізді. Бірақ операция үшін дәрігерлер 12 мың АҚШ долларын (5,4 млн теңге) сұрады, бұл біз үшін үлкен сомма. Сондықтан консулға қоңырау шалуға тура келді. Біз бірге басқа клиниканы таптық, онда операцияны тегін жасауға келісті", – дейді Бегалы телеарнаға берген сұхбатында.
Сондай-ақ қазақстандық азамат қатерлі есік ауруына шалдыққан екі жасар қызын емдету үшін жұбайымен бірге Түркияға ұшып келгенін атап өтті.
Кішкентай Айым нейробластомамен (4-дәрежесі ) ауырады. Қазір ата-анасы мен жергілікті дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Айымның емі үшін 200 000 АҚШ доллары (91 миллион теңге) қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017661-turkiyada-zaralangan-qazaqstandyq-qalai-oq-tigenin-aityp-berdi-video/