Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәууәл айының оразасын ұстау міндетті ме: Нұрлан имам жауап берді (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Байжігітұлы
Нұрлан Байжігітұлы. Видеодан кадр: instagram.com/nurlanimam.kz

Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының оразасын ұстауға қатысты көпшілікте әртүрлі сұрақ туындайды. Алдымен Рамазан айының қаза болған ораза күндерін, әлде Шәууәл айының 6 күн оразасын ұстаған дұрыс па? Бұл сұрақтарға дінтанушы, танымал имам Нұрлан Байжігітұлы өз Instagram парақшасында жауап берді.

Нұрлан имамның айтуынша, Шәууәл айының 6 күндік оразасын ұстау сауап болады. Сондай-ақ ол Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл оразаны ұстауға шақырып, 30 күн оразаға тағы алты күнді қосып ауыз бекітсе, 1 жыл ораза ұстағанмен бірдей екенін атап өтті.

Нұрлан имамның сөзінше, Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерді қаза етіп алған адамдар Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен, имам Рамазан айының оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн, дейді.

"Екі оразаға бірдей ниет қылмайды. Шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі адамның белгіленген ажалы айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс. Бұған қоса жоғарыда келтірілген хадисте "Рамазан оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса" делінгенін ескерсек, әуелі Рамазанның қазасын өтеудің абзал екенін ұғамыз", - дейді имам.

Сонымен қатар Нұрлан имам Шәууәл айының оразасы нәпіл оразаны, яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз еркінде екенін айтты.

"Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады" деп, бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген. Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Және оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады", - деп Нұрлан имам жазады өз парақшасында.

Сондай-ақ, Нұрлан имам Рамазан айының оразасын ұстамаған адамдарға Шәууал оразасын ұстауына болатынын айтты. Алайда олар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды, деді имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017743-sauaal-aiynyn-orazasyn-ustau-mindetti-me-nurlan-imam-zauap-berdi-video/

pixel