jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы облысында мал жайып жүрген тұрғын әлсіреп қалған қар барысын тауып алған (фото, видео)

Табылған қар барысы
Табылған қар барысы. Фото: .instagram.com/qazfwc

Алматы облысында мал жайып жүрген тұрғын әлсіреп қалған қар барысын тауып алған. Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Комитеттің мәліметінше, 19 сәуір күні Алматы облысы Райымбек аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан хабарлама келіп түскен.

Хабарламада тұрғын мал жайып жүріп әлсіреген қар барысын (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіктіргенін айтқан.

Оқиға орнына "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторлары, Нарынқол орман шаруашылығы, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкерлері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырған.

20 сәуір күні Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу Алатауының тауларында қар барысы пен арқар камераға түсіп қалған еді.

Алматы облысында мал жайып жүрген тұрғын әлсіреп қалған қар барысын тауып алған (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.