jitsu gif

Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер ұзағырақ өмір сүретін болып шықты

зейнеткерлер
Зейнеткерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бір жылдың ішінде 4,2 жасқа өскен. Оның ішінде ерлерге қарағанда әйелдер ұзағырақ өмір сүретін болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еліміздің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құраған. Осылайша көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өскен.

2020 жылы елде өмір сүру ұзақтығы 71,3 жасты құраса, 2021 жылы 70,2 жас болған.

Гендерлік тұрғыдан алғанда 2022 жылы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құраған. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 74 жас болған.

Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өскен, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген.

Өңірлер арасында Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары болып отыр – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында71,4 жас.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.