Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда жылу мекемесінің 2,8 млрд теңге қаржысын жымқырды деп айыпталғандарға сот үкім шығарды

Жарияланған күні:

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Тараздағы ең ірі жылу мекемесінің қаржысын жымқырды деп айыпталған күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс бойынша 2,8 млрд теңгені қолды қылды деген сегіз адам жаза арқалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олар тариф төлемдерінен түскен қаражатты өзге компания шотына аудару арқылы өз қалтасына басып келген. Сондай-ақ күдіктілер тарифтерді заңсыз көтеру, монополиялық табыс табу бойынша да кінәлі деп танылды.

Ал Б.М. есімді тұлға жалған компанияға жетекші қылып өз ұлын тағайындады деген күдікке ілінген. Сот барысында кәсіпкерлердің "Тараз энерго орталығының" табысын екі жыл бойы қаржылық махинациялар арқылы қолды қылғаны айтылды. Осы әрекеті үшін оның ұлына судья 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Ал әкесі сәуір айының басында үй қамақтан қашып кеткендіктен әлі күнге ұсталмай жүр. Сондықтан сот оған сырттай үкім кеспей, ұсталғанын күтетінін айтты. Ал сыбайлас болды деген тағы 7 адам "заңсыз шот-фактура жазу", "мүлікті қолды ету" деректерімен жаза арқалады.

"Қылмыстық іс бойынша "Тараз энерго орталығы" АҚ бас бухгалтеріне үш жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бүгінгі күні сот қарыз толық өтелмеді деп есептейді. 1 млрд 900 млн теңге сұралған, 1 млрд 400 мың теңге көлемінде өндірілді", ,- дейді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Замбаев.

Айта кетейік, сот залында үкімі кесілген 6 адам бір-біріне әкелі-балалы болып келеді.

Авторы: Дана Мұхарбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018269-tarazda-zylu-mekemesinin-28-mlrd-tenge-qarzysyn-zymqyrdy-dep-aiyptalgandarga-sot-ukim-sygardy/