Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Серік Күдебаевтың тұтқындау кезінде түсірілген суреті тарады

Опубликовано:

Серік Күдебаевтың ұсталуы
Серік Күдебаевтың ұсталуы. Фото: Т.me/kozachkow

Telegram арнасында Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты ұстау кезінде түсірілген болуы мүмкін сурет таралып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған суретте қолы кісенделген Күдебаевтың өзі және ҰҚК-нің екі қызметкері бейнеленген. Суретті белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Экс-полицейдің ұсталғаны және оның Түркиядан Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты бүгін Бас прокурор Берік Асылов растағанын еске саламыз. Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғалы үш аптадан астам уақыт өткен соң ұсталды.

Қазір Күдебаев уақытша ұстау изоляторында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018576-zelide-serik-kudebaevtyn-tutqyndau-kezinde-tusirilgen-sureti-tarady/

pixel