jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

1 мамырда қазақстандықтар қалай демалады

Көктем
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы дүйсенбіде Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтар бір күн демалады, деп хабарлайды "Электрондық үкіметтің" ресми сайты.

Ресми мерекелік күнтізбеге сәйкес, республика тұрғындары үш күн – сенбі, 29 сәуірден 1 мамыр, дүйсенбіге дейін демалады.

Бұл ретте тек дүйсенбі, 1 мамыр ғана мерекелік демалыс, ал сенбі және жексенбі күндері әдеттегідей демалыс күндері болып табылады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 29 сәуір жұмыс күні болмақ.

Еске салайық, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр. Осы мерекелердің құрметіне елімізде 4 күн қатарынан – 6 мамыр сенбіден 9 мамырға дейін демалыс. Бірінші жұмыс күні – сәрсенбі, 10 мамыр.

1 мамырда қазақстандықтар қалай демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.