jitsu gif

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Алматы көшелерінің бірі
Алматы көшелерінің бірі. Көрнекә сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар мамыр айында мемлекеттік мерекелердің құрметіне үш күн қосымша демалыс алады. Ел тұрғындарының қай күні демалатыны "электрондық үкіметтің" ресми сайтында жарияланған.

Мамыр айында Қазақстанда бірден үш мемлекеттік мереке тойланады:

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр;

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

Жеңіс күні - 9 мамыр.

Мерекелердің ресми күнтізбесіне сәйкес ел тұрғындары мамырдың басында үш күн, яғни 29 сәуір сенбіден бастап, 2 мамыр сейсенбіге дейін демалады.

Одан кейін ел тұрғындарын тағы төрткүндік демалыс күтіп тұр. Бұл жолы қазақстандықтар сенбіге түсіп тұрған 6 мамырдан бастап 10 мамыр - сәрсенбіге дейін демалады.

Биыл Отан қорғаушылар күні жексенбіге сәйкес келген соң демалыс күні 8 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.