jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астана күніне орай ел тұрғындары қанша күн демалатыны белгілі болды

Астанадағы "Бәйтерек" монументі
Астана. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет Астана күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, үкімет қаулысына сәйкес, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды.

Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар биыл Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде яғни, төрт күн қатарынан демалады.

"Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді", - делінген үкімет хабарламасында.

Айта кетелік, бұған дейін 1 мамырда қазақстандықтар қалай демалатынын хабарлаған едік.

Астана күніне орай ел тұрғындары қанша күн демалатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.